Ерке Есмахан мұқтаж қарияға көмектесіп, елдің алғысына бөленді
Ерке Есмахан өзінен көмек сұраған мұқтаж әжейге көмектесті. Ол жағдайын айтып, мұңын жеткізген қарияға 10 мың теңге аударды. Әсерлі сәтті видеоға актриса Гүлназ Жоланова түсіріп алған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кейуана күйеуінің науқас, ал оның еміне қажетті дәрі-дәрмек алуға ақшасы жоқ екенін айтқан. Ерке оған телефон қосымшасы арқылы 10 мың теңге аударды. Ерекше сәтті Гүлназ Жоланова видеоға түсіріп алған. Әнші жария садақа ретінде бұл ісін көпшілікке көрсетуді құп көргенін айтты.
Көпшілік Есмаханның әрекетіне риза болды.
"Ниет қабыл болсын", "Жарайсың, Ерке", "Алланың нұры жаусын", – деп жазды оқырмандар.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"