Ерке Есмахан "Келінжан" сериалына түспек
Ерке Есмахан көрерменнің көзайымына айналған "Келінжан" телехикаясында бой көрсетпек. Әнші сериалдың төртінші маусымына түседі. Айтуынша, түсірілім жақын күндері басталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жуырда түсірілім күндерім басталады. Өзім қобалжып жүрмін. Хит сериалға түсетініме қуаныштымын", - деп бөлісті әнші.
Айта кетейік, бұл Еркенің кинодағы алғашқы тәжірибесі емес. Ол 2018 жылы "Махаббат кафесі" атты жеке фильміне продюсерлік етті әрі өзі басты рөлді сомдады.
Бұдан бөлек, әнші Instagram оқырмандарын толғандыратын өзге сауалдарға жауап берді. Ол үй шаруасымен мүлдем айналыспайтынын айтты.
"Иә, мүлдем жасамаймын. Жасайтын адамдар бар. Неге жасамайсың деп ренжіп жатқан ешкім жоқ. Өзім қожа, өзім би", - деді ол.
Әнші мұндай күнге жету үшін біраз еңбектенгенін айтты. Ал тұрмыс құрған жағдайда, "бір күйеудің бабын табармын" деп қысқа қайырды.
"Мен үй жұмысы, тазалық, ас үйдің шаруасы, қонақ күтуге мықтымын. Тек еңбектеніп, табыс тауып, өзімді ештеңе істемейтін дәрежеге жеткіздім. Шүкір. Ақша төлесең, қазір бәрін жасап береді. Ал бір күйеудің шаруасын шешермін, уайымдамаңыздар", – дейді Есмахан.