AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Қанай Біржан Хасанғалиевтен "Бозторғай" әні үшін кешірім сұрады

Нұрболат Қанай әнші, композитор Біржан Хасанғалиевтен кешірім сұрады. Ол "Бозторғай" әнін қате және рұқсатсыз орындағанын мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қанай Хасанғалиевтің әйгілі әнін жаңаша өңдеуден өткізіп, халыққа ұсынған болатын. Өнер иесі бұл туындыны қыршын кеткен сарбазға арнады. Ән көпшіліктің көңілінен шықты, әсіресе жастар арасында кеңінен тарады.

Алайда Қанайдың орындауына Біржан Хасанғалиевтің көңілі толмаған. Өйткені жас өнерпаз әннің бірнеше нотасын бұзып орындаған. Одан бөлек, халыққа ұсынбас бұрын Хасанғалиевтен рұқсат сұрамаған. Қанай бұл қылығы үшін композитордан кешірім сұрады. 

"Айқай-шу болып кеткен "Бозторғайдың" бүгін нүктесі қойылды. Біржан ағамның алдына барып, кешірім сұрадым. Халықтың алдында да кешірім сұраймын. Біржан аға, әнді рұқсатсыз орындағаныма кешіріп қойыңыз. Шынымен де бір-екі жерде, бір-екі нотада мен дұрыс айтпаппын.

Былай жалпы әнім өтіпті, ағамның жүрегіне жетіпті. Рулас екенбіз. Әңгіменің соңында бұл әннің екінші нұсқасын шығарамыз деп шештік. Алла қаласа, тиісті ноталармен, ережелердің бәрін ұстана отырып шығарамыз. Сол барлық ережеге сай орындағанда денем тітіркеніп кетті. Күтіңіздер", – деді ол.

 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр