Ерке Есмахан: Қазіргі заманда қарапайым болсаң, адамдар басыңа шығып кетеді
Ерке Есмахан Дубайға демалысқа аттанды. Алайда әнші кезекті сапарына кіммен барғанын жариялаудан бас тартты. Бұдан бөлек, Ерке желідегі оқырмандарын мазалаған сауалдарға ашық жауап берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен қарапайым жанұяда, ауылда дүниеге келіп бойжеткенмін. Кейін образ, анау-мынау деген пайда болды. Қазіргі заманда қатты қарапайым болсаң, адамдар оны бағаламай, басыңа шығып кететін сәттер болады. Сондықтан қарапайымдылық та орнымен болу керек деп түсінемін", – деді ол.
Сондай-ақ Ерке өмірде қатты қиналған кезі жайлы сұраған оқырманына жауап берді.
"Енді адам болған соң, әртүрлі кезең бастан өтеді. Тек күліп жүру ол – өтірік, өзін-өзі, айналаны алдау деп ойлаймын. Мен ештеңеге қатты қиналмағам. Тек әкем кеткенде қатты күйзелдім, оны да өмір заңдылығы деп қабылдадым", – дейді Есмахан.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты