Еріктілер Маңғыстауда аштан қырылған жылқыларға қазақстандықтардың көмектесуін сұрады
Еріктілер қазақстандықтардан Маңғыстау облысындағы аштыққа ұшыраған жылқыларға көмектесуін сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жомарт жандар клубында Маңғыстау облысының Саура көлінен әлсіреген жылқыларды құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Кейін жылқылардың өліп қалғаны белгілі болды. Көл аумағынан еріктілер бұрын өлген жылқылардың денелерін тауып алған.
Еріктілердің айтуынша, жылқыларды мұндай күйінде ешкім сатып алмайды.
"Кеше ойламаған жерден сол жылқылардың иесі бізге хабарласты. Ол қазіргі уақыттағы жылқылардың жай-күйін фото мен видеоға түсіріп жолдады. Жазбадан олардың жағдайы ауыр екенін аңғару қиын емес. "Малды қинамай сатып жібер" деп ақыл айтатындарға айтарымыз, жылқыларды мұндай күйде енді ешкім алмайды. Сіздердің ойларыңызша олардың иесі жылқыларының осылай қиналып өліп жатқанына қуанады дейсіздер ме? Мұның қандай шығын екенін ойлап көріңіздерші. Пандемияны ескере отырып, өткен жылы жалпы азықпен қамтамасыз ету іс жүзінде жүзеге асқан жоқ. Бұл жайында том томдап жаза беруге болады. Біз жем-шөбіне көмектесуді шештік. Сіздердің - жомарт жандардың арқасында, бұл жылқылар аштан өлмейді", – деп жазды еріктілер.
Аштыққа ұшыраған жануарларға көмек көрсетудің деректерін еріктілердің Instagram парақшасынан біле аласыздар.