Ердоған сайлау учаскесінде балаларға ақша таратты (видео)
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өзі дауыс берген сайлау учаскелерінің бірінде балаларға ақша таратты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осы оқиғаға байланысты израильдік журналист Амихай Стейннің Twitter-де бөліскен видеосы тарап кетті.
Видеода Ердоған сайлау учаскесіне әйелімен бірге келген. Олар Ыстамбұлдың Үсқұдар ауданындағы мектептердің бірінде дауыс берді.
Дауыс бергеннен кейін Ердоған Білім беру мекемесінің дәлізінде сайлаушылармен сөйлесіп болған соң, қалтасынан бір бума ақша шығарып, балаларға тарата бастаған.
Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, балалардың қолдарына жалпы 200 лира (шамамен 4500 теңге) түскен.
Еске салайық, 14 мамырда Түркияда президенттік және парламенттік сайлауда дауыс беру басталған еді. Сайлау күні кофеханалар, кафелер және интернет-кафелер сияқты қоғамдық ойын-сауық орындарының барлығы жабылады. Көңіл көтеру орындары болып табылатын мейрамханаларда тек тамақ беруге рұқсат етілген