Ер адамдар неліктен COVID-19-дан әйелдерге қарағанда жиі көз жұмады
Коронавирустық инфекциядан ер адамдар әйелдерге қарағанда не үшін жиі көз жұматынын аллерголог-иммунолог Владимир Болибок түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ресейде коронавирустан ерлердің өлімі әйелдермен салыстырғанда біршама басым. Бұл иммундық жүйенің жасушаларына әсер ететін гормондардың (әйелдерде эстроген, ерлерде тестостерон) әсеріне байланысты. Ер адамдарда антиденелер қалыптастыру деңгейі біршама төмен", – деді ол URA.RU басылымына берген сұхбатында.
Оның сөзінше, әйелдердің иммундық жүйесі вирустың тікелей өзіне дейін жетеді.
Не себепті антиваксерлар екпе салуға қарсы шығады? Психологтар түсіндіріп берді
“Әйелдердегі антиденелер жасушаларға оңай енеді. Бұл гормоналды айырмашылықтарға да байланысты. Антиденелер вирус орналасқан жасушаға көп мөлшерде енеді. Мұның тағы бір жағымсыз тұсы бар: антиденелер ағзадағы жасушаларға шабуыл жасауы салдарынан аутоиммунды аурулар жиі кездеседі”, – дейді Владимир Болибок.
Өз кезегінде инфекциолог маман "Династия" клиникалар желісінің бас дәрігері Татьяна Чаленко тестостеронның төмен деңгейіне байланысты ерлерде жүрек-тамыр аурулары жиі дамитынын, сондықтан COVID-19 ауыр әсер ететінін атап өтті.
“Тестостеронның төмен деңгейіне байланысты ерлерде коронавирустық инфекция ауыр болатыны туралы көптеген жұмыс жарияланды. Тестостерон неғұрлым төмен болса, жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуындағы қауіп-қатер соғұрлым жоғары болады. Коронавирусты анықтайтын ақуыздың Х хромосомасымен байланысты екенін дәлелдайтін жұмыстар бар, ал әйелдерде олардың екеуі де бар, сондықтан иммунитет жауабы жеткілікті болады", – деп түсіндірді ол.