Ер адам ұмытшақтығының көмегімен қомақты қаржыны жеңіп алды
Америкадағы Мичиган штатының тұрғыны лотерея билетін алғанын-алмағанын есіне түсіре алмай, тағы біреуін сатып алады. Ең қызығы, екі билеті де ұтысты болып шығады. Осылайша, ұмытшақтық америкалық азаматқа жүлдені екі есе арттыруға көмектескен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен лотереяны көптен бері ойнап келемін және әрқашан билеттерге бірдей сандар жиынтығын енгіземін", — деп түсіндірді ол.
Америкалық азамат тағы бір билет сатып алуға шешім қабылдаған. Кейінірек ол ұтыс ойынына қатысқанын білген. Ер адам ұтыс нәтижелерін тексеру үшін лотерея сайтына кіргенде, екі рет жеңгенін түсінген.
Жүлденің мөлшерін көргенде ер адам таңғалған.
"Мен билеттердің әрқайсысы 55 мың доллар деп ойладым. Бірақ лотереяның штаб-пәтеріне қоңырау шалғанымда, олар әр билет 110 мың доллар ұтып алғанын айтты", – деді ол.
Америкалық азамат жеңіп алған ақшасына үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге және туыстарына көмектесуге ниетті.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды