Ер адам әйелі мен балаларын 17 жыл бойы қамауда ұстап келген
Рио-де-Жанейрода ер адам әйелі мен балаларын 17 жыл қамауда ұстаған. Сонымен қатар үй иелері қатарында тұрып келген отбасы мүшелері зорлық-зомбылыққа ұшыраған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі G1 сайтына сілтеме жасап.
Әйел мен балаларды 28 шілдеде полицияға жәбір көрсету жөнінде хабарлама түскеннен кейін құтқарған. Үйге келген полицейлер қорқынышты көрініске тап болған – үйде тазалық мүлдем сақталмаған, ал әйелі мен балалары әбден қорлық көрген. Олар дереу ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар тұрақты тамақтанбау салдарынан 19 және 22 жастағы балалар 10 жасар балаларға ұқсап қалғаны айтылады.
Әйел тәртіп сақшыларына күйеуінің оларды 17 жыл бойы шынжырда ұстағанын айтқан. Балалар ешқашан басқа адамдармен араласпаған, сабаққа бармаған, тіпті көшеге шықпаған. Сонымен қатар ер адам отбасын үнемі ұрып-соғып, байлап, аштықпен қинаған. Көмек сұраған дауысты басу үшін күйеуі қатты музыканы қосатын болған, сол себепті көршілері оны “диджей” деп атап кеткен көрінеді.
- Қатты соққыға жығылған әйел 2 жыл комаға түсіп, оянған соң қылмыскердің кім екенін айтты
- Өлім диетасы: Вегетариан ата-ана ұстанымдарының кесірінен сәбиін ашықтырып өлтірген
Сондай-ақ жәбірленуші әйел бірнеше рет көмек сұрамақ болғанын, бірақ нәтиже болмағанын жеткізген. Жергілікті билік те бұл отбасы туралы жасырын хабарламаның полицияға екі жыл бұрын түскенін, бірақ ешқандай әрекет жасалмағанын ашып айтқан.
Полиция өз отбасын қамап келген азаматтың қамауға алынғанын және жақын арада сотқа келетінін айтты. Оған "Қорлық көрсету", "азаптау" секілді бірнеше баптар бойынша айып тағылған. Сондай-ақ сот балаларды қамқорлыққа алу ісін қарайды.