Ер адам 18 сағат бойы ашық теңізде футбол добына жармасып аман қалған
Солтүстік Македонияның тұрғыны 30 жастағы Иван футбол добына жармасып, ашық теңізде ғажайып түрде аман қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Metro басылымының мәліметінше, Грек жағажайларының бірінің жанында жүзіп келе жатқан Иван мен оның досы Мартинді жағалаудан алыста орналасқан ағыс алып кеткен. Құтқарушылар оны іздеуге кіріссе да, ұзақ уақыт бойы сәтсіздікке тап болған.
- "Құл сияқты қарады": Саясаткер Лондонға отандасын алып келіп, оның ағзасын рұқсатсыз алмақ болды
- Желіде екі басты жыланның видеосы тарады
Осы кезде суда батып кетпеудің амалын жасаған ер адам толқынмен келген жартылай желі шыққан футбол добын көреді. Осылайша, құтқарушылар оны байқамайынша, Иван 18 сағат бойы допты суда пайдаланады.

Кейіннен Иванды жаңалықтарда көрсеткенде, Лемнос аралының тұрғындарының бірі допты балаларының ойыншығы деп танып, оның оқиғадан 10 күн бұрын жоғалғанын хабарлаған. Доп Иванның қолына түспес бұрын шамамен 129 мың шақырып жүріп өткен екен.
Алайда өкінішке қарай, Иванның досы Мартинді іздеу жұмыстары сәтсіз аяқталған.
Қазақстандық ана жоғары сынып оқушылары ұлына жыныстық сипаттағы әрекет жасағанын айтты: Ол оқиғаның мән-жайын баяндады
Бұған дейін де оны 3 рет зорлаған
Батыс Қазақстанда әлем чемпиондарын ешкім күтіп алмаған: Бапкер елге қайту үшін несие алған
Спортшылардың жарысқа баруына қажетті қаражаттың басым бөлігін жаттықтырушы өз қалтасынан төлеген