Эпидемиологтар Маңғыстау облысында тараған құс тұмауының адамдарға жұғу қауіпі туралы айтты
Маңғыстау облысында аққулардың жаппай қырылуынан кейін құс тұмауының адамға жұғу қауіпі туралы айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

21 желтоқсанда Қаракөл көлінде аққулардың жаппай өлгені белгілі болды. Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық жүргізген зерттеу қорытындысына сәйкес аққулар құс тұмауынан өлген (H5N1 штаммы).
"Қазір аймақта құс тұмауының адамға жұғу ерегі тіркелмеді. Дегенмен құстарда анықталған тұмау адамнан адамға жұқпайды. ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық кезеңінде бұл вирустың тұрғындар арасында тарау қауіпі бар", - делінген хабарламада.
Мамандар вирус жұқтырып алмау үшін бірнеше кеңес берді:
- Инфекция тараған жерге бармау (аққулар өлген жер);
- Маска тағып, қолды жиі жуу және антисептик қолдану;
- Инфекция жұқтырған тірі немесе өлі құсты ұстамау;
- Алғашқы белгілері пайда болғанда өзіңіз емделмеңіз, дәрігердің көмегіне жүгінген абзал.
Еске салайық, бұған дейін экология министрлігінің экс-қызметкері аққулардың өлімінен кейін Rixos қонақ үйіне қатысты мәлімдеме жасағаны туралы хабарлаған едік.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі