"Еңгезердей жігіттің тірлігі ұят болды": Жігер Ауыпбаев Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді
Ұшақта шу шығарып, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртасқа арнап өнердегі досы Жігер Ауыпбаев жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/jiger_auypbaev_official/
Өнер иесі болашақта досты таңдау керегін айтып, сабырлы болуға үндеді.
“Жігіттердің арасында “тоқылдақ” деген атты жігіттік сипаттан кеткен адамға тағатын еді. Еңгезердей жігіттің болмайтын әңгімеге бола арыз жазып, 15 тәулікке қаматып жібергені ұят енді. Жігітше екеуара шешсе де болар еді ғой. Қайрош досым! Еш мойыма. Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді?! Сен өте ақкөңіл жансың ғой. Ақ көңілдігіңді пайдаланып, сенің кең құшағыңа білдірмей кіріп алып, өз пайдасын ойлап жүргендер бұл өмірде болмаса да, ақыретте жауап берер. Сатқындық! Сен еркексің”, – деп жазды әнші.
Айта кетейік, өнер иесі қамалғаны үшін түрлі концерттен шеттетіліп, қыруар қаржыдан қағылғаны жазылған еді.
“Концерт ұйымдастырушы болғандықтан, Қайрат Нұртас бұл шараға шыққаны үшін берілетін 5 миллион теңгеден қағылды деп айта аламын. Оның басқа концерттерінен хабарым жоқ. Кей әншілер той-томалаққа аптасына бір рет барады. Кейбірі дерлік әр қалада өтетін тойларға қатысады", – деген еді Алтынбек Рахметов.
Бұған дейін, Жұлдыз Әбдікәрімова 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртасқа қатысты пікір білдіргенін жазған едік.