Энергетика министрі АЭС салынуы мүмкін ауданды атады
Энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясы салынуы мүмкін аймақты атады. Сөзінше, болашақта станция Балхаш ауданында салынуы ықтимал, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Станция құрылысы бойынша өзіміз үшін параметрлерін нақтылап алдық, яғни қуаттылығы 2,4 ГВт шамасында болады. Қуаттылығы бойынша бәрі түсінікті болса, салынатын ауданды білеміз, таңдауға дайынбыз. Салынатын аудан Балқаш, Курчатов маңы болуы мүмкін. Бірақ Балқашта салыну ықтималдығы жоғары", – деді Ақшолақов.
Министрдің сөзінше, бұл аудан АЭС құрылысы үшін КСРО кезінен бастап зерттелген.
"Бұл күнге дейін біз үнемі қарап, бақыладық. Орналасатын аймақты айтуға болады, алайда технологияны және нақты орналасатын нүкте бойынша айта алмаймын. Технология мемлекетке байланысты", – деді министр.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған