Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енеммен танысарда қатты қорықтым": Жанар Айжанованың күйеу баласы алғаш рет сұхбат берді

Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова мен күйеу баласы Қыран Талапбек алғаш рет сұхбат берді. Бұл жас жұбайлардың отау құрғаннан кейінгі алғашқы сұхбаты. Екі жас шығармашылығы мен алдағы жоспарлары жайлы айтты.

Бұл туралы Revue NTK бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жас режиссер, видеограф Қыран Талапбек пен дизайнер, әнші Айжұлдыз Адайбекованың махаббат хикаясы жуырда ғана көпке белгілі болды. Үш жыл кездескен жұп қарым-қатынасын жасырын ұстады. Қарым-қатынасын жоққа шығарғанымен жақында үйленетінін жария етті. 

Айжұлдыз Адайбекова қазақтың дәстүрімен оң босағадан ұзатылып, мұсылманша неке қидырды. Алайда үлкен тойдың ауылы алыс. 

"Анам бұрын ұзату тойымда қазақы стильде ұлан-асыр той етіп жасаймын деп жоспарлаған. Бірақ карантин талаптарына сай олай болмады. Соның шағын көрінісі болды. Анамның стилімен өтті. Мұсылманша неке қидырдық. Бірақ үлкен той әлі болған жоқ. Оған екі жақ та құлықты емеспіз", - деді Айжұлдыз. 

Айжұлдыз қасиетті Рамазан айында анасына болашақ күйеу баласын таныстырған. Бұл сәтте Қыран қатты қобалжығанын жасырмайды. 

"Мен Жанар Айжанованы экраннан көріп үйреніп қалғанмын. Суық, қатал ене ретінде елестетіп алғанмын. Оның үстіне достарым да ол кісінің қатал екенін айтып, мені қорқытып тастады. Мен морально өзімді әбден дайындап бардым. Мен қай уақытта не сұрайды деп отырдым. Бір қызығы, ондай ешнәрсе болған жоқ. Мені тергеген де жоқ. Сұраққа алған жоқ. Бұрыннан танитын адамдарша ауыз ашып, тамақтанып, үйге қайттық. Бәрі жақсы болды. Енем өмірде мүлде басқа адам екен", - деді күйеу баласы. 

Айжұлдыз бұл күні сүйіктісінің өте жуас, момын адам секілді сөйлей алмай қалғанын айтты. 



Айжұлдыз Адайбековаға алғаш болып Қыран Талапбек ғашық болған. Ақшаны да Айжұлдыздан гөрі жолдасы көп табады. Болашақта бірлесіп жұмыс істеуге екеуі де дайын. 

"Мен әр ісімнен ақша табуды көздемеймін. Мен үйренгенімді елге үйретсем, демеу болсам, мотивация берсем деген ниетпен жасаймын. Ән шығарсам да, біреуге күш беру, рухтандыру мақсатында шығарамын", - дейді Айжұлдыз. 

Екі жастың айтуынша, үлкен тойдың болары белгісіз. 

"Карантиннің талабына сай үлкен тойдың өту-өтпеуі белгісіз. Екі жақтан да тойды міндетті түрде жасау керек деген талап жоқ. Сондықтан ол уақыт еншісінде", - деді Қыран. 

Қыранның айтуынша, хайп жасау мақсатында желіде Айжұлдызды өз досы Нұрғазымен қосқан. Осыдан соң көпшілік Айжұлдызбен Нұрғазыны жұп деп ойлады. 

"Желіде тараған ақпараттан соң Нұрғазы досымды қызы тастап кетті. Желіде шу болды. Қазір бәрі жақсы. Нұрғазыдан келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймын", - деді Қыран Талапбек. 

Талқылау