Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанар Айжанованың қызы күйеуімен бал айына аттанды (видео)

Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова жақында жас режиссер Қыран Талапбекке тұрмысқа шыққан еді. Жас жұбайлар қазір бал айында демалып жүр.

Жанар Айжанованың қызы күйеуімен бал айына аттанды (видео)

Айжұлдыз Адайбекова жақын күндері оң босағандан ұзатылып, некесін қиды. Жолдасы екеуі қазір бал айында демалып жүр. Карантинге байланысты қазақстандықтар отандық демалыс орындарында демалуға мәжбүр. Қазақстандық өнер жұлдыздарының көпшілігі еліміздің демалыс аймақтарында демалып жүргенін байқауға болады. 

Айжұлдыз бен жолдасы Ақтауға аттанды. Қаладағы ең қымбат қонақ үйдің біріне орналасты. 

"Сен мені сезесің бе?", - деп жазды Айжұлдыз желідегі парақшасында. 

Ақтаудағы желі қолданушылары қош келдіңіздер деп ағынан жарылды. 

"Жаңа дәуірдің бастауы. Жаңа дәуірдің аты - үйленген дәуір", - деп жазды Қыран Талапбек жарымен түскен суретін жариялай отыра.

"Қыран күйеу бала, бақытты болыңыздар", - деп жазды әнші Ғаділбек Жанай. 

Айта кетейік, біршама уақыт бұрын Айжұлдыз сүйіктісінің өзіне ұсыныс айтқанын көпке мәлім етті. Көп ұзамай үйінен ұзатылып, некесін қидырды.

Айжұлдыздың сүйіктісі Қыран Талапбек. Ол жас видеограф, режиссер. Коммерциялық роликтер түсірумен айналысады. Желідегі парақшасына өзі түсірген туындаларын жариялап тұрады. 

"Бақыттарыңыз баянды болсын", "Көз тимесін, жұптарыңыз жазылмасын", "Әрдайым Алланың назарында болыңыздар", - деп жазды желідегі оқырмандары. 

Талқылау