Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ене болуға дайынмын": Қарақат Әбілдина ұлының қашан үйленетінін айтты

Белгілі әнші, ҚР мәдениет қайраткері Қарақат Әбілдина отбасындағы соңғы жаңалықтарын бөлісті. Шаңырақ көтеретін жасқа жеткен тұңғышы Бекболат туралы да сөз қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Оян” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бүгінде өнер иесі 6 баланы дүниеге әкеліп, “Күміс алқа” иегері атанған. 

“Мен әйелмін, әлемнің анасымын” деп әндетіп жүргенде, ене болатын жасқа жетіппіз. Бекболаттың қазір жасы – 23те. Өзіміз де отау құратын жасқа жеттің, келіншек ал деп жатырмыз. Уақыттың еншісіндегі дүние болып тұр. Әзірге шаңырақ көтеру туралы ой айтып жүрген жоқ. Өсуім керек, бала-шағамды асырайтын қаржы жинауым керек дейді. Отбасын құру – күрделі қадам, үлкен жауапкершілік екенін түсінгеніне риза болдым. Бірақ әкесі екеуіміз қазір үйленемін десе де дайын отырмыз. Ене болуға да, әже болуға да дайынмын. Жан-жақтан қысым көрсетіп, үйленуің керек демейміз”, – дейді әнші. 

Сонымен қатар әнші жаңа жылды тойлауға көзқарасын да білдірді. 

“Жаңа жыл – отбасылық мереке. Керемет көтеріңкі көңіл күймен қарсы алуға тырысамыз. Барлық отбасы сияқты түгел жиналамыз, дастарханды жаямыз, кейде достармен бірге Бурабай сияқты демалыс орнына баратын кезіміз болады. Бірақ осы қыста вирус өршіп тұрғандықтан алысқа шығуды жөн көрмедік. Үйде, отбасымызбен әдемі көңіл-күймен, сыйлықтарымызды табыстап, қарсы алайын деп отырмыз. Басқа отбасылар секілді біз де үйге шырша құрамыз. Бірақ әкемізге ондай тірлігіміз ұнамайды. Ол өте ұлтжанды кісі болғандықтан "Жаңа жылға қатты мән бермеңдер, бізге тән мейрам емес" деп айтып жатады. Біз енді соншалықты армандар картасын жасап, қандай да бір дәстүр ұстанбаймыз. Ақырындап мерекеге деген көзқарас өзгеріп келеді. Біздің ерекше күтетін мейрамымыз – Наурыз мерекесі. Өзіміздің ұлттық мерекені ерекше тойлаймыз. Желтоқсандағы жаңа жыл тек – күнтізбенің ауысуы, ал негізгі жаңа жылымыз Наурыз мерекесі деп балаларға түсіндіреміз,” – дейді өнер иесі. 

Талқылау