"Енді жасырудың қажеті жоқ": Айжұлдыз Адайбекова көпшілікке сүйіктісін көрсетті
Танымал блогер, актриса Айжұлдыз Адайбекова көпшіліктен жасырған сүйіктісін көрсетіп, ресми түрде мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/
Актрисаның таңдауы, саяхатшы-блогер Сәкен Кагаровқа түскен.
“Енді жасырудың қажеті жоқ”, – деп жазды блогер-актриса.
Айта кетейік, Айжұлдыз көпке дейін сүйіктісін жасырып жүрді. Алайда оқырман қауым блогер жігітті қолындағы тыртығынан танып қойған еді.
-
"132 миллион теңге қарызы болды": Қыран Талапбектің әйелі күйеуінің қандай шарт қойғанын айтты
-
"Ақша табуым әкеме тартқан": Айжұлдыз Адайбекова әкесін есіне алды
Бүгінде оқырман қауым сүйікті жұбына бақыт тілеп, қатты қуанып жатқандарын жеткізді. Арасында танымал өнер жұлдыздары да жаңа жұпқа махаббат тіледі.
“Бірі – батыр, екіншісі – өнер. Қасиеттері қуантар, қанат бітірер жұп болыңдар”, – деп жазды Дина Төлепберген. “Қыранның шәкірті емес екен. Бұл жігіттің мобилографқа қатысы жоқ. Велошабандоз яғни, экстрим-блогер”, “Бақыт құшағында екеуі”, “Қыраннан кеткенің дұрыс болды. Ол өзі сияқты біреуді тауып алыпты”, “Бақытты болыңыздар”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, Айжұлдыз жақында су жаңа көлік сатып алғанын сүйіншілеген едік.