Вейп сатқандарға қылмыстық жауапкершілік жүктеу туралы ереже – Сенат заңды мәжіліске қайтарды
Сенат отырысында депутаттар вейптерге толықтай тыйым салатын заңның бөлігін қабылдамай, мәжіліске қайтаруға дауыс берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Парламент сенатының отырысында депутаттар вейптерді сатуға, таратуға және әкелуге тыйым салу туралы заңға түзетулер енгізіп, оны мәжіліске қайтарды.
Сенаторлар мынадай өзгерістерді ұсынды:
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен электронды темекілер мен оларға арналған сұйықтықтарды сату, пайдалану, демеуші болу жауапкершілігін реттейтін нормаларды алып тастау. Себебі шегілмейтін темекі өнімдерінің, вейптердің, хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымы үшін әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілік енгізіледі;
- Тауар белгісінің элементтерін және шегілмейтін темекі бұйымдары мен вейптердің атауын, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға, сондай-ақ шегілмейтін темекі бұйымдары мен вейптерге сұраныс пен қызығушылықты арттыратын іс-шараларды, оның ішінде ұтыс ойындарын, лотереяларды өткізуге тыйым салу.
"Біз заңды бірінші оқылымда толығымен талқыладық. Бас комитет заңның жекелеген баптарын мақұлдамауды және осы баптардың жаңа редакциясын мәжіліске қайтаруды ұсынады. Салыстырмалы кестеде үш түзету бар", – деді cенат спикері Мәулен Әшімбаев.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады