Енді Вагнер ЖӘК ұйымы заңды түрде жоқ - Путин
Ресей президенті Владимир Путин Вагнер ЖӘК басшысы Евгений Пригожинмен кездесуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі UNIAN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Путин мұндай ұйымның заңды түрде жоқ екенін баса айтты.
"Енді Вагнер ЖӘК жоқ! Бізде жеке әскери ұйымдар туралы заң жоқ, яғни, заңда жоқ болса, ЖӘК та жоқ деген сөз. Бірақ бұл Мемлекеттік Думада, үкіметте талқылануы керек мәселе. Бұл оңай мәселе емес", - деді ол.
Ресей президентінің айтуынша, кездесуге 35 адам қатысқан. Путин кездесу барысында Ресей-Украина соғысындағы вагнершілердің әрекетіне баға бергенін айтты.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен