Елімізде мемлекет тегін беретін жерлерді үйлестіру ережелері өзгерді
Қазақстанда тегін берілетін он сотық жер учаскелерін үлестіру ережелері өзгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Үй салу үшін берілетін жерлер су құбыры немесе электр желісі тартылған аумақтардан ғана ұсынылады. Осы екі инфрақұрылымның бірі болуға міндетті.
Бұған дейін мұндай талап болмаған. Тек инженерлік желілерге қосылуға қажет техникалық шарттарды алуға арналған сауалнама парақтары берілетін. Әрі барлық рәсім электрондық форматқа ауыстырылған.
Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры мен "Жеке тұлғалар" дерекқоры біріктірілген. Көпшілікке бұл ыңғайлы. Өйткені уақыт үнемдей алады. Бастысы бәрі ашық. Енді әкімдіктер үлестірілетін жерлерде атқарылған жұмыстар мен кезек тізімдері туралы ақпаратты тоқсан сайын жариялап тұруға тиіс.
Жаңа ереже 4 қараша күні күшіне енеді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы