Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде әлеуметтік желілерде жануарларға қорлық көрсетіп видео таратқандар қатаң жазаланады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Берекешов әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жануарларға қорлық көрсетіп видо таратқандар заң бойынша қатаң жазаланатынын айтты. Қылмыстық жауапкершілік бойынша 3 миллион теңге (6,9 мың долларға) дейін айыппұл салу көзделген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жануарларды қорлап, фото және видео жариялауға тыйым салынады. Мұндай норма Парламент қабылдаған "жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңда қамтылған. 

Заң  жануарларға қатыгездікпен қарап оны желіде насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 3 миллион теңгеге (6,9 мың долларға) дейін айыппұл салуды көздейді. 

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Серікқали Берекешов БАҚ-тағы журналистер қауымына да жәбір көрген жануарларды жариялауға тыйым салынатынын айтты.

“Егер БАҚ-та қатыгез қарым-қатынас, кісі өлтіру немесе қандай да бір жарақат алу кадрлары көрсетілсе, бұл үшін жауапкершілік қарастырылған", - деді министр.

Журналистер мессенджерлерде бұл фактілердің бейнелері мен фотосуреттері жарияланбаса, қоғамның жануарларды қорлау фактілері туралы қалай білетіні туралы сұрады. Сұраққа депутат Мұхтар Жұмағазиев пікір білдірді.

“Жануарларды қорлау фактілерімен тиісті органдар айналысуы керек.  Ал бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жариялауға тыйым салу нормасы балалар мен азаматтарды мұндай жағдайларды шамадан тыс насихаттаудан қорғау үшін енгізіледі,-деді депутат. 

Еске салсақ Каспи теңізіндегі итбалықтарды таяқпен ұру, итті тоңазытқыш есігіне қысып қорлау сияқты бейнематериалдар желіде тарап кеткен болатын. Қазақстанда жануарларды қорлап қорқытып, қатыгез қарым-қатынас жасағандарға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті көздейтін, "жануарларға жауапты қарау туралы" заң жобасы әзірленді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр