Еңбек министрі Қазақстанда қанша Ресей азаматының қалғанын айтты
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова үкімет отырысынан кейін Қазақстанға 400 мыңнан аса ресейліктің келгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта 320 мыңға жуық ресейлік ел аумағынан шыққан.
"100 мыңға жуық Ресей азаматы әзірге осында. Ал еңбек мигранттары жайлы айтсақ, өткен жылды қоса есептегенде 22 мың азамат Қазақстанда", – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанға келген ресейліктердің қалай жұмысқа орналастыны жайлы хабарлаған едік. Еңбек министрлігі ресейліктерді жұмысқа орналастыру көрсеткіштері рұқсат етілген нормада екенін жеткізді. Мамандар қызметкерлерден бөлек, көшуге ниетті компаниялардың елге келуі экономикамызға оң әсерін тигізетінін айтқан.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған