Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еңбек министрі 42500 теңгелік жәрдемақыны кімдер алатынын түсіндірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42500 теңгелік жәрдемақы кімдер алатынын атап айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Естеріңізде болса, мемлекет басшысы жұмыс беруші тарапты өз қызметкерлерін жұмыс орындарын сақтауға және ақылы еңбек демалысына жіберуге шақырған болады. Алайда мына жағдайда бұл тапсырманы орындау барлығының қолынан келмеді. Әсіресе, шағын және орта бизнес өкілдері мұндай талапты орындауға мүмкіндіктері болмады. Олар жұмыскерлерді ақысыз демалысқа жіберуге немесе қысқартуға мәжбүр болуда. Оның ішінде елімізде өз бетімен жұмыс істеп жүргендер, ресми не бейресми жұмыс жасағандар да табыстарынан айырылып жатыр.

Статистика бойынша, мемлекетімізде екі миллионнан астам өз бетімен жұмыспен қамтылғандар бар. Осыған байланысты президенттің 23 наурыздағы қаулысына сәйкес, табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңгелік төлем тағайындау енгізілді. Бір мыңнан астам азамат оған қол жеткізіп үлгерді. Және кешегі президент үндеуінде осы мүмкіндіктерді кеңейту тапсырылды", - деді министр. 

Сонымен 42500 теңгелік әлеуметтік төлемді кімдер алады: 

Біріншіден, жалдамалы қызметкерлер. Олар - шағын және орта бизнес ұйымдарында ақысыз демалысқа жіберілген жұмыскерлер. Карантин жарияланған қалаларда ірі кәсіпкерлік субъектілер де осыған жатады.

Екіншісі, жеке тұлғалар, яғни өз бетінше жұмыспен қамтылғандар. Олардың ішінде жеке кәсіпкерлер де бар. Статистикаға сәйкес, елімізде жеке кәсіпкерлердің саны бір жарым миллионнан асады. 

Жеке практикамен айналысып жүрген азаматтар. Олар: жеке адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, медиаторлар. Екі мыңнан астам осындай азаматтар бар. Және азаматтық құқықтық сипатта жұмыс істеп жүргендер, фрилансерлер. 180 мыңдай азамат дәл осылай жұмыс істейді екен, олар да табысынан айырылуда. 

Бірыңғай жиынтық көлемін төлеген азаматтар, соңғы он екі айда 312 мың адам бір рет осындай төлем жасаған. 

Міне, осындай азаматтар әлеуметтік жәрдемақыға өтініш бере алады. 


42500 теңгені алудың нұсқаулығы жарияланды

 

Бұған қоса төтенше жағдайға байланысты жұмыстан шығып қалған азаматтар алты айға дейін сол мемлекеттік сақтандыру қорынан жалақысының 40%-ы көлемінде жәрдемақы ала алады. 

Ол үшін egov.kz сайтында жұмыстан шығып қалған азамат жұмыссыз ретінде тіркелуі керек. Үш күнде сіздің өтінішін қанағаттандырылады. Осы тіркеу жүзеге асырылғаннан кейін сіз жұмысынан айырылған азамат ретінде төлем алты айға дейін тағайындалады. 

 

 

Талқылау