Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметте жүріп, қанша табуға болады: Жұмыс орындарына шолу

Жақында денсаулық сақтау министрлігіне қарасты санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетоваға орынбасар қажет екені жайлы ведомствоның сайтында хабарландыру жарияланған еді. Сайтта көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, Есмағамбетованың болашақ орынбасарының жалақысы 517 991 теңгеге жетеді екен. Осыған орай, Stan.kz тілшісі мемлекеттік органдардағы ашық жұмыс орындары мен Қазақстанның ірі қалаларының қайсында мемлекеттік қызметкерлерге ең жоғарғы жалақы төленетінін анықтап көрді. 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде көрсетілген ақпаратқа сәйкес, жаңа жұмысқа орналасу үшін қойылатын талаптардың арасында жоғары білімнен бөлек, қызметкердің стресске төзімді болуы, жауапкершілік, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық сынды қабілеттердің болуы айтылған. 

Бұған қоса, сайтта құжаттарды қабылдау мерзімі, құжаттар тізімі, өтініш үлгісі мен кандидаттың қызметтік тізімін табуға болады. 

Үш қаланың арасында ең жоғарғы жалақы елордалық шенеуніктерге тиесілі екенін байқауға болады. Мұнда әкімшілік лауазымдардың жалақасы 80 000 теңгеден басталып, 745 000 теңгеге дейін барады. Алматы қаласында мемлекеттік қызметтегі ең жоғарғы жалақы 220 000 теңгеден жоғары болса, Шымкентте бұл көрсеткіш 250 000 теңгеге жетеді. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда биылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы 150%-ға дейін өсетіні айтылған еді. Бұған қоса, Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдауға мораторий енгізілетіні белгілі болды. 

Нұр СұлтанАлматыНұр Сұлтан

 

Талқылау