Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ең сараң және ең жомарт әншілер: Қазақстандық жұлдыздар науқас балалар үшін қанша ақша бере алды

Мұхит Сапарбаев ең сараң және ең жомарт жұлдыздарды анықтады. Қатерлі дертпен ауыратын балаларға әртістер қанша ақша аудара алды?

Бұл туралы OYBAY SHOW бағдарламасында айтылды. 

Мұхит Сапарбаев онкологиялық аурумен ауыратын балаларға жаңажылдық сыйлық алу үшін жұлдыздарға кәмпит сатты. Бір кәмпит үшін әр әнші қалағанынша ақша төлеуі тиіс болды. 

"Бұл орайда Иван Бреусов 10 мың теңге, Ayree продюсері әнші үшін 8700 теңге, Арман мен Аша 30 мың теңге, Назым Аруназ 10 мың теңге, Ziruza 10 мың, Айқын Төлепберген 20 мың теңге берді. Одан бөлек басқа да жас әншілер ақшасын аударып жатты. Өзімен бірге ақша жоқ екенін айтқан әншілер де бар. 


Тағы оқыңыз

«Төреғалиді әнші деп айта алмаймын»: Медеу Арынбаев Қайрат Нұртасқа да демалу керектігін айтты

 


Мәселен, Серік Гамза-заде бір кәмпит үшін 30 мың теңге бере алмайтынын ашық айтты. 

"Мен ондай көп ақша таппаймын", - деген Серік ешқандай ақша бере алмады. 

Азия тобының әншісі Ренат Баситов топ атынан деп 2500 мың теңгесін қиды. 

"Енді науқас балаларға берілетіндіктен көбірек қаражат берейін, бұл ақша өз қалтаңа емес, нақты балаларға жетеді деп сенем", - деп баса айтты Ренат Баситов. 

Мұхит Сапарбаев осыдан соң Алматы қаласында орналасқан республикалық деңгейдегі онкологиямен ауыратын балаларды емдейтін диагностикалық орталыққа келді. Бұл жердегі балалар Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған. Әншілерде жиналған қаражат 132 мың теңге болды. Бұл қаражатқа 14 сыйлық алынды. Қалған қаражат OYBAY SHOW бағдарламасы атынан тарту болды.

Мұны көрген желі қолданушылары балаларға ақша аударған әншілерге алғысын айтты. Енді бірі әншілерді сараң деп сөкті. 

"Тойдан миллиондап ақша аласыздар. 5-10 мың теңге беруге ұялмайсыздар ма?" , "Азия тобы 2500 теңге берді. Мынау деген сұмдық қой. Сонша сараң болуға бола ма?" "Мұхитке рахмет, балалардың көңілін көтердің. Бермейтін әншілердің қолынан барып алдың", - деп жазды олар.

Талқылау