Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ең нашар ана: Әйел 4 кішкентай баласын тастап, Еуропаға кетіп қалған

Балаларға бас-көз болу керектігін әрбір ересек адам түсінеді. Әсіресе, төрт баласы бар әйел бұл сөзді тереңінен ұғынуы қажет-ақ! Әрине, жақсы да, жаман да ата-ана болады. Бірақ бұл әйел бәрінен де асып түсті.

Ең нашар ана: Әйел 4 кішкентай баласын тастап, Еуропаға кетіп қалған

Бұл туралы Washington Post газетіне сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Эрин Ли Макки — Америка тұрғыны әрі төрт баланың анасы. 2017 жылдың күз айында ол саяхатқа шықпақшы болып, төрт бірдей баласын үйде қалдырып кеткен. Германияға қыдырып баруды жоспарлаған әйел алғашқыда бала күтуші жалдауға тырысқанын айтты.

Ол 12 жасар егіздері мен 6 және 7 жасар қыздары өздеріне бас-көз бола алады деп ойлаған.

Белгісіз себептермен, әйел бала күтушімен келісе алмай, соңғы сәтте оның қызметінен бас тартыпты. Эрин ұзақ ойланбастан, балаларын жалғыз тастап, Германияға ұшып кеткен.

Небәрі 6 және 7 жасар қыздарға олардың 12 жасар егіз бауырлары қарайласқан. Абырой болғанда, бұл келеңсіздікті көршілері байқап, құқық қорғау органдарына хабар берген.

Араға бір күн салып, тәртіп сақшылары алаңсыз саяхатқа аттанған әйелдің үйін тінтіп шыққан. Сорақысы сол, әйелдің үстелінен оқталған тапанша табылған.

«Мұндайды өмірімде көрмеппін», – дейді полицей Тайлер Томпкинс.

Ең нашар ана: Әйел 4 кішкентай баласын тастап, Еуропаға кетіп қалған

Полиция қызметкерлері балаларды туыстарына жеткізіп салып, жауапсыз ананы шетелден шақыртқан. Алайда безбүйрек ана кері қайтуға асқыпаған. Ол тек жеті күннен кейін кері оралған.

Кейіннен әйелдің ешқандай да күтуші іздемегені анықталды. Әйел алаңсыз қыдырып, әртүрлі суреттерін Instagram-дағы парақшасына жүктеумен уақыт өткізген.

«Таңғалдым деп айтайын десем, олай емес. Бірақ қатты ашуланып тұрмын», – дейді Эриннің бұрынғы күйеуі, оның екі кішкентай қызының әкесі.

Сот әйелді екі жылға шартты түрде бас бостандығынан, сондай-ақ, аналық құқығынан айырды.

Тағы оқыңыз: 

Үндістер тайпа емшісінің қазасы үшін канадалық азаматты қинап өлтірген

Турбуленттік аймаққа түскен ұшақ терезесі ұшып кетті (видео)

Қанша уақыт өтсе де қартаймайтын әйел 41 жасында өз ұлымен қатарлас көрінеді (фото)

Анджелина Джоли бұрынғы күйеуі Брэд Питтің жаңа сүйіктісі үшін ашуланып, талып қалды (фото)

Талқылау