"Ең керемет ене": Алтынай Жорабаева енесін асыра мақтады
Алтынай Жорабаева енесі туралы айтты. Әнші енесіне ерекше құрметін білдіріп, көпшілік алдында тілегін жеткізді.
“Отбасылық кешкі ас. Анамыз ортамызда. Жаным сол, ең керемет ене. Аяулым Шымкентте. Айнара туған күнде”, –деп жазды Жорабаева.
Әнші отбасылық суреттерін жариялады. Екі қызымен, жолдасымен, енесімен бірге кешкі ас ішті.
Желідегі қолданушылар енеңізден жоғары отырсыз деп сын тақты. Әнші өз әрекетін түсіндіріп, ақталуға тырысты.
“Алдыңғы посттағы хейтерлар үшін. Негізі мамам төрде отыр . Фотоны басқа жағынан түсірді”, – деп жазды әнші.
Жорабаева өз үйінде қонақ болып, әкесінің батасын алды.
“Қос анамның туған күні қаңтарда. Екінші анамның туған күні 10 қаңтар. Анашымның туған күні 15 қаңтар. Қаңтарда қос қуаныш. Аналарымызға Алла мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін. Тілектеріңіз еселеп қайтсын”, – деді әнші.
“Үйде дастархан жайып, әкем ақ батасын берді. Қарты бар үйдің қазынасы бар. Аллаға сансыз шүкірлер болсын”, – деді Алтынай ханым.
“Ой, қарақтарым-ай, Алтынай білетін шығар енді енеден жоғары отыруға болмайтынын”, “Бағың баянды болсын. Жолдасыңның жүзі жылы, жақсы Азамат екені көрініп тұр. Сыйластықтарың мәңгі болсын. Аллам тіл көзден сақтасын”, “Ас дәмді болсын, керемет бір үйдің ұйытқысы болып жүре беріңіз. Алтынай ханым кыздарыңыз да бірінен-бірі өткен сұлу. Сізден көргенін жасайтын болады, Алланың нұры жаусын”, “Алтынай, бақытты болындар, тіл-көзден сақтасын, аман болындар”, – деп жазды енді бірі.
Бұған дейін Алтынай Жорабаева қос анасының суретін қатар жариялап, көпшілікпен таныстырған еді. Желі қолданушылары екі құдағидың ұқсастығын айтып таласты.