"Емтиханда нашар баға қойған": Оқушылар мұғалімді ағашқа байлап, соққыға жықты
Үндістанның Джаркханд штатындағы Думка ауданындағы оқушылар өздеріне емтиханда нашар баға қойғаны үшін математика мұғалімі мен мектеп әкімшілігін ағашқа байлап, соққыға жыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NDTV-ге сілтеме жасап.

Мемлекеттік мектептің 11 оқушылары осындай әрекетке барған. Олар математика пәнінің мұғалімі Суман Кумардың тесттің практикалық бөліміне әдейі нашар баға қойғанын, сол себепті емтиханнан сүрінгендерін айтты. Зардап шеккен мектеп әкімшілігінің қызметкері Сонерам Шоур емтихан нәтижелерін енгізген.
"Мектеп басшылығы оқиға фактісі бойынша полицияға ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Оқиғаны растаған соң мектеп басшылығына арыз жазуды өтіндім, бірақ олар бұл оқушылардың болашақ мансабына нұқсан келтіруі мүмкін деген сылтаумен бас тартты", – деді полиция бөлімшесінің басшысы Нитянанд Бхокта.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту