Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Емделіп шыққан Баталов Алматы облысында коронавируспен күрестің әлсіз екенін мойындады

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирустың таралуына байланысты аймақ тұрғындарына үндеу жасады. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

батталов

Пандемия кезіндегі әлсіз жұмысы үшін Алматы облысының аудандар мен қала әкімдері аймақ басшысы Амандық Баталовтың сынына ұшырады.

"Соңғы кезде бірқатар аудан, қала әкімдері коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес жұмыстарын босаңсытып алды. Әрине, оған кейбір облыстық бақылаушы құрылымдар басшыларының сырқаттануы сияқты объективті себептермен қатар басқа да факторлар әсер еткені белгілі", - дейді ол.

Аймақ тұрғындарына арнаған сөзінде әкім Алматы облысы аумағында қауіпті инфекцияның күрт өршуіне ықпал еткен себептерді атады.

"Сонымен қатар белгісіз себептермен оперативті штабтың жұмысы тоқтап қалған, бірақ ең бастысы - инфекциялық және провизорлық бөлімдердің жұмыс алгоритмі бұзылған. Жекелеген жағдайларда коронавируспен ауырған азаматтармен байланыста болған, "қызыл аймақта" саналатын медицина мамандары қоғамдық көлікпен қатынап, отбасы ортасына оралып жүрген. Мұндай жағдайлардың мен аудан, қала әкімдерімен өткізген селектор жиыны барысында Талдықорған, Текелі қалалары мен кейбір аудандарда орын алғанын анықтадым", - деген Баталов бұл ең алдымен жергілікті әкімдердің, денсаулық сақтау басқармасы басшылығының олқылығы.

Сондай-ақ медицина мекемелері бас дәрігерлерінің санитарлық нормаларды өрескел бұзуға жол бергенінің салдарынан деп түсіндірді.

"Осының барлығы және басқа да факторлар, әсіресе, Талдықорған мен Текелі қалаларында індеттің жылдам артуына себеп болды, бұл қалаларда коронавирустың өсімі сəйкесінше 11-12% құрап отыр", - дейді Баталов.

Облыс әкімі барлық аудан, қала әкімдеріне халық арасында вирустың одан әрі таралуына жол бермеудің тиісті шараларын қабылдауды, облыс тұрғындарына тиісті деңгейде ем жасауды ұйымдастыруды, стационарларды қажетті төсек санымен, медикаменттермен, барлық қажетті құрал-жабдықтармен, соның ішінде ӨЖЖ аппараттарымен қамтуды тапсырды. Сондай -ақ, қысқа мерзім ішінде халық үшін ПЦР талдау жасайтын тағы бірнеше қосымша зертханалар ашу жүктеді.

Талқылау