"Емделіп алу керек болды": Манзоров неліктен жұмыстан кеткендігі жайлы айтты
Алматы облысы әкімінің орынбасары болған Бағдат Манзоров неліктен қызметтен кетіп жатқандығы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Бағдат Манзоров өз еркімен әкім орынбасары қызметінен кеткен болатын. Оның сөзінше, оған емделу керек болыпты. Жұмыстан кеткім келіп жүргеніне біраз уақыт болды дейді ол.
"Ешкім мені жұмыстан шығармады, өзім осылай шештім. Екі жыл бойы үзбей қызмет атқардым, сол себепті емделіп алу дұрыс болды",- деді Манзоров.
Бағдат Манзоров бұған дейін 9 жыл бойы Алматы қаласының Алатау ауданының әкімі болды. Өткен жылдың күзінде шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғалыпты. Ол жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталыпты. Тіпті абақтыға да жабылған. Дегенмен айыптаудың бәрі негізсіз деп табылған. Экс-орынбасардың бұрындағы өзінің жеке кәсібі де болыпты.
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"
Маска мен мұрын фильтрі алматылықтарды лас ауадан расымен қорғай ма: Мамандар құралдардың қайсысы тиімді екенін түсіндірді
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек