Елжан Біртанов қолды қалай жуу керектігін көрсетті
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов #SafeHands челленджіне байланысты қолды қалай жуу керектігін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қымбатты достар! Мен #SafeHands эстафетасын дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі, доктор Тедростан қабылдаймын. Достар, өзімді коронавирус инфекциясынан қорғау үшін қарапайым гигиена ережелерін ұстануға шақырамын. Ең бастысы - қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз. Бұл бейнеде қолды қалай жуу керектігін көрсетемін", - деді Біртанов.
Ол сонымен бірге қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салды. "Мен сізден осы күндері үйде болуды өтінемін, қонақ шақырмаңыз және өзіңіз де бармаңыз. Сондай-ақ үйлеріңізді күніне кемінде екі рет желдетіп, күнделікті дымқыл тазарту жұмыстарын жүргізіңіз. Әрқашан сау болыңыз!", - деді министр.
Ол эстафетаны Айдын Рахымбаевқа, Арманжан Байтасовқа, Нұртас Адамбайға, Әлішер Елікбаевқа, Ерлан Манатаевқа, Динара Сәтжанға, Эля Алиеваға және басқаларға тапсырды.
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді