Елорданың қақ ортасында ойылып қалған жүргіншілер жолы тұрғындардың зәресін ұшырды (видео)
Нұр-Сұлтан тұрғындары жаяу жүргіншілер жолында пайда болған шұңқырға наразы болуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жолдағы ойық түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Видеода тұрғынның кірпіштің бір шетін басып жатқаны байқалады. Алайда жол одан сайын ойылып түседі.
Жаяу жүргіншілер жолындағы бұл ойық 24 сәуір күні Тәуелсіздік пен Қажымұқан көшелерінің қиылысында пайда болып, содан бері жасалмапты.
"Ойықтың пайда болу себебі - жол астындағы кәріз коллекторының төменге түсіп кетуі. Бұл жағдай жаяу жүргіншілердің қозғалысына және ауыз су жүйесінің өшуіне әсер етпейтінін айтамыз", - деді "Астана Су Арнасы" ұйымының өкілдері Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Қазіргі таңда түзету жұмыстары жүргізілуде.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"