Елордалық азамат би билеуден бас тартқан бейтаныс әйелді ұрып, тісін сындырып тастады
Нұр-Сұлтанда алты жылдай бұрын ер адам би билеуден бас тартқаны үшін бейтаныс әйелді ұрып, алдыңғы тістерін сындырып тастаған. Осы уақыт ішінде азамат іздеуде болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мән-жайды анықтау барысында ер адам елордалық кафелердің бірінде 40 жастағы әйелді ұрып, қашып кеткенін мойындады.
Ішімдік ішкен ер адам кафеде екі әйелге қырындап, онымен билеуге көндіре бастаған. Азамат би билеуден бас тартқан әйелге ренжіп, оның бетінен жұдырықпен ұрып, алдыңғы екі тісін сындырып тастады.
Жазалануым мүмкін деп қорыққан ол асығыс оқиға орнынан кетіп қалған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.
Қазақстан әскеріндегі шулы істер: Сарбаздар өлімі бойынша кімдер сотталды
Қоғамда үлкен резонанс тудырған және сот үкімімен аяқталған істерді жинадық
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан