Елордада медициналық университеттің бұрынғы проректоры пара алғаны үшін сотталды
Сыйбас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана медицина университетінің бұрынғы проректоры 3 жылға сотталғанын мәлімдеді. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство өкілдері экс-проректордың жекеменшік компания басшысы Гриценкодан 10 000 доллар пара алды деп айыпталғанын мәлімдеді. Бұл қаржы электронды кітап жеткізу кезінде қолдау көрсетуі тиіс болған. Сонымен қатар ректор лауазымына тағайындалу үшін делдал М.Капаров арқылы 47 000 доллар пара беруге оқталған.
Гриценкоға сот 3 жылға, ал М.Капаровқа 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қазақстандық оқушыларға теріс басылған оқулық берілген: Баспа не дейді
Оқу жылы басталып, оқулықтардың жағдайына қатысты шағымдар көбейді
Астанада қыз 10-қабаттан секіріп кеткен: Полиция бейнежазбаларды туыстарына бермей отыр
Астанада 10-қабаттан секірген арудың достары телефонға мүлдем жауап бермейді