Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада құдыққа түскен 4 жұмысшының өлімі: "Астана су арнасының" екі басқарушысы тұтқындалды

Елордада 4 жұмысшы кәріз құдығында көз жұмғаннан кейін «Астана Су Арнасының» екі қызметкері тұтқындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елордада құдыққа түскен 4 жұмысшының өлімі: «Астана су арнасының» екі басқарушысы тұтқындалды

Еске сала кетсек, қайғылы жағдай 23 мамырда орын алған еді. Коммуналдық қызметтердің 4 жұмысшысы құдықта бір-бірін құтқармақ болып көз жұмды. Улар улы газдан уланып қалған. Өкінішке орай, дәрігерлер олардың өмірін құтқара алмады. 

Белгілісі, жұмысшылардың бәрі улы газдан қорғайтын құрылғысыз жұмыс істеген.

Оқиғадан кейін полиция еңбекті қорғау ережелері бұзылып, салдарынан 2 не одан көп адамның көз жұмуы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

«Тергеу барысында тиісті сараптамалар мен арнайы тексерістер жүргізілді. Куәгерлерден жауап алынды. Нәтижесінде «Астана Су Арнасының» жауапты тұлғаларының кінәсі анықталды. 13 маусымда аталған дерек бойынша «Астана Су Арнасының» екі басқарушысы тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды», - дейді полициядағылар. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр