Елордада коронавирустан көз жұмған әйел дәрігер болып шықты
Қазақстанда 13 мамыр күні коронавирус індетінен көз жұмған науқастың дәрігер екені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса мәлім етті.
"62 жастағы дәрігер коронавирус ауруынан көз жұмды. Әйел жекеменшік медициналық ұйымда жұмыс істеп келген. Ол зейнетке шықса да, қызмет етуін жалғастырған", - деді баспасөз хатшысы.
Еске салайық, бұған дейін Нұр-Сұлтанда екі адамның коронавирустан көз жұмғаны айтылған болатын.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қандай қауіп бар
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"