Елордада әйелін қызғанған ер адам оны пышақтап өлтірді
Елордада өз әйелін пышақтап өлтірген тұрғынның ісі сотта қаралды. Сот ер адамды кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адамға қатысты іс қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Ол адамды қасақана өлтірді деп айыпталған.
Іс материалдарына сәйкес, ер адам мас күйінде әйелін пышақтап тастаған. Салдарынан әйел көз жұмды. Оның мұндай әрекетіне қызғаныш себеп болған.
Сот үкімімен ер адам адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қауіпсіздігі төмен мекемеде жазасын өтейтін болады.
Аппеляциялық инстанция үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы ер адамды ұлымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деп айыптады
Полиция: "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр"
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі