Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің оңтүстігінде ұйымдасқан топ кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысу үшін сатып келген

Қазақстанда қыркүйекте өтен “Stop-трафик” операциясы барысында полиция қызметкерлері адам саудасына байланысты 20-дан астам қылмысты анықтады. Оның ішінде біреуі қанау мақсатында адамды ұрлау фактісі бойынша, адам саудасы бойынша – 3, жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі – 4, оның ішінде 2 кәмелетке толмағанды жезөкшелікке тарту фактісі бар, кәмелетке толмағандарды сатудың 5 дерегі тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сатып келген

Бұдан басқа, жезөкшелікпен айналысуға және жеңгетайлыққа әдейі үй-жайлар бергені үшін 20 әкімшілік құқық бұзушылық және интимдік қызметтер мен қайыр сұрауға байланысты 294 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Шымкент қаласының ПД полиция қызметкерлері құрамында 11 адам бар ұйымдасқан топтың жолын кесті. Олар ұзақ уақыт бойы Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларының аумағында жыныстық пайдалану мақсатында адам сатумен, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқан.

Олар қыздарды "Вконтакте" желісі арқылы жұмысқа шақырған. Сонымен қатар жоғары еңбекақымен қызықтырған. Кейін алдап, құжаттарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Ал қаладағы жалдамалы пәтерлерде, сауналарда және қонақ үйлерде одан әрі пайдалану үшін сатып немесе алмастырып отырған. 

Егер айтқандарын істемеген жағдайда, зорлық-зомбылық көрсетіп, бопсалап, ойдан шығарылған айыппұл салған. Есірткі тұтынуға мәжбүрлеген. 

Аталған факті бойынша ұйымдасқан топ құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу, адам саудасы, кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту, притонқұру, жеңгетайлық баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.

Талқылау