Еліміздегі ең үлкен мешіт Нұр-Сұлтанда салынып жатыр: Қаражатты кім бөлді
Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтандағы салынып жатқан мешітте болды. Ол республикадағы және Орта Азиядағы ең үлкен мешіт, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мен Қабанбай батыр даңғылы мен Мәңгілік Ел арасында орналасқан мешіт құрылысының барысымен таныстым. Сыйымдылығы 30 мың адамға дейін. Бұл мешіт республика мен Орта Азиядағы ең үлкен мешіт. Құрылыс елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен түрік компаниясының демеушілік қаражаты есебінен жүргізілуде. Біз өз тарапымыздан инженерлік желілер мен коммуникацияларды төсеу жұмыстарын жүргізудеміз. Учаскедегі құрылыс жұмыстары санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып жүргізілуі керек», - деп жазды Алтай Көлгінов Instagram-да.


2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты