Елімізде жаңа ақылы автожолдар пайда болады
Қазақстанда жаңа ақылы автомобиль жолдарын кезең-кезеңімен енгізу процесі іске қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

8 қазаннан бастап Павлодар-Семей-Қалбатау автотрассасы бойынша жол жүру ақылы болды. Бұдан әрі республикалық жолдардың тағы бес учаскесі ақылы болады:
- 9 қазаннан бастап Бейнеу-Ақжігіт;
- 10 қазаннан бастап Орал-Самара;
- 14 қазаннан бастап Павлодар-Омбы;
- 16 қазаннан бастап Көкшетау-Петропавл.
Соңғы сатыда Орал-Саратов автожолын ақылы ету туралы бұйрық тұр.
"Жоғарыда аталған учаскелер бойынша ақылы ету туралы бұйрықтар әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтті", – деді Ұлттық компания.
I класты (жеңіл) көлік құралдары төлемнен босатылады. Жол ақысы көлік құралдарының II сыныптарынан VI сыныптарына дейін алынады:
- I класс (жеңіл) - 0 теңге/километр (босатылған);
- II класс (16 орынға дейінгі автобустар және 1-ден 2,5 тоннаға дейінгі жүк автобустары) – 5 теңге/километр;
- III класы (32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк автобустары) – 10 теңге/километр;
- IV класс (32 орыннан жоғары автобустар және 10 тоннаға дейінгі жүк автобустары) –15 теңге/километр;
- V класс (10 тоннадан 15 тоннаға дейін жүк көліктері) – 20 теңге/километр;
- VI класс (15- тен 25 тоннаға дейін жүк көліктері) – 25 теңге/километр
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту