Елімізде шахматтан әлем чемпиондарына өмір бойы қаржылай көмек берілмек
Елімізде шахматтан әлем чемпиондарына өмір бойы қаржылай көмек берілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнасының Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттен өмір бойы материалдық көмек алуға құқылы спортшылар қатарын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл тізімге ересектер арасындағы классикалық шахматтан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен олардың жаттықтырушылары да қосылуы мүмкін.
Спортшылар мен жаттықтырушының міндетті еңбек өтілін 20 жылдан 10 жылға төмендету көзделіп отыр. Талапкер 10 жыл бойы үздіксіз еліміздің дене шынықтыру және спорт саласында еңбек етуі тиіс.
Қаржылай көмек тек Қазақстанның азаматтығы бар спортшыларға ғана беріледі. Тиісті құжат жобасы Ашық үкімет порталына қоғам талқысына шығарылды.
Қазір өмір бойы қаржылай көмек олимпиада, паралимпиада және сурдлимпиада жеңімпаздары мен жаттықтырушыларына беріледі.
Шымкенттегі алып қашу оқиғасы: Жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, ал қыз оны жоққа шығарып отыр
Қыз өзі келіп6 адам ұрлау фактісімен арыз жазды
Қазақстандық ер адам қолына бұрауыш тығып алып, көз жұмды: Туыстары дәрігерлердің салғырттығына шағымданды
Ер адам ауыр жарақат алғаннан кейін Ақтөбе медициналық орталығына жүгінген