Елімізде оқушыларды аралас оқытуға рұқсат берді
Қазақстанда 1 наурыздан бастап 1-5 сынып оқушыларын аралас оқытуға рұқсат етілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2020 жылдың 1 наурызынан бастап оқушыларды 1-ден 5-сыныпқа дейін (пәндердің 70%-ы – дәстүрлі форматта, 30%-ы - қашықтан), халықаралық деңгейде 1-ден 7-сыныпқа дейін аралас оқытуға рұқсат етілсін, - делінген ведомствоаралық комиссия хабарламасында.
Бұл білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық режимді бұзушылықтардың ең көп саны тіркелген Маңғыстау, Қостанай, Жамбыл облыстарына қатысты емес.
Еске салайық, 24 ақпанда ведомствоаралық комиссия отырысында "сары" және "жасыл" аймақтардағы карантинді жеңілдету туралы шешім қабылданды.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған
