Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде ЛГБТ насихатына қарсы петиция 50 мың қол жинады

Тағы бір петиция E-Petition.kz порталында 50 мың қол жинады. Мұны мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

KU<N

Фото: Pixabay.com

Сайтта жарияланған "Біз Қазақстан Республикасындағы ашық және жасырын ЛГБТ насихатына қарсымыз" петициясына 50 мың қол жиналды. Енді бұл өтініш үкіметте қаралады.

"Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қабылдады. Өтініш тіркелген күннен бастап 40 жұмыс күніне дейін қаралады. Министрлік мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қамтитын жұмыс тобының қызметін ұйымдастырады", – деп хабарлады мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі.

Олар өтінішті қарау процесі заң талаптарына сай өтетінін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін депутаттар журналистерге ЛГБТ туралы жазуға тыйым салуды ұсынған еді. Алайда мәдениет вице-министрі БАҚ-та ЛГБТ туралы жазғаны үшін жаза тағайындау туралы ереже заң жобасынан алынғанын мәлімдеді.

Талқылау