Елімізде квазимемлекеттік компаниялар бұдан былай валюталық түсімнің 30%-ын сатуға міндетті емес
Үкімет квазимемлекеттік сектор компанияларына валюталық түсімнің 30%-ын сатпауға рұқсат берді. Тиісті норма уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, валюталық түсімнің 30%-ын міндетті түрде сату туралы норма 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды.
"Валюта нарығының теңгерімділігін ескере отырып, квазимемлекеттік сектор компанияларына валюта ағындарын басқару кезінде үлкен мүмкіндіктер беру мақсатында Үкімет норманың қолданылуын тоқтатты", – деп түсіндірді Ұлттық Банк.
Қазақстандық компаниялардың валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті түрде сатуы туралы талапты квазимемлекеттік сектор алғаш рет 2020 жылы қолданды. Бастапқыда валютаны сату кірістің 75%-на жетті. 2023 жылы ақпанда бұл көрсеткіш 50%-ға, шілдеде 30%-ға дейін төмендеді.
Бұған дейін Ұлттық Банк маусым айында биржалық сауда-саттықта 240 миллион доллар сатып алғаны белгілі болды.