Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде инфекциялық аурулар кезінде науқастарға стационарлық ауруханалар да көмек көрсетуге міндеттелді

Елімізде инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жаңартылған стандарты бекітілді. Ол бойынша енді көмекті ауруханалар да көрсетуге міндетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыда анасы мен ұлы жәндіктерді өлтіреміз деп өздері уланып қалды

Ақпарат денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында жарияланды. Жаңа стандартқа сай, енді бұрынғыдай тек инфекциялық ауруханаларда ғана көмек көрсетілмейді. Сонымен қатар науқастарды меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлердегі медициналық ұйымдар да қабылдауға міндетті. 

“Стандарт медициналық көмек көрсетудің жалпы ережелерін, қағидаларын, тәртібін, жарақтандырылуын, штат санын, инфекциялық аурулар кезінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің қағидаттары мен сипаттамаларын белгілейді”, - делінген деректе. 

Сондай-ақ құжатта инфекциялық аурулар кезінде жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі де ретке қойылып отыр. 

Талқылау