Елімізде газ бағасы 2024 жылға дейін өзгермейді - үкімет басшысы
Қазақстанда шикі және тауарлық газ бағасы 2024 жылға дейін өзгермейді. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шикі және тауарлық газ бағасы 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін өткен жылдың желтоқсанындағы деңгейінде белгіленеді", - деді Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сонымен қатар, айтуынша, ішкі нарық қосымша 150 мың тонна сұйылтылған мұнай газымен қамтамасыз етіледі.
Бұдан бұрын үкімет басшысы автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасынан алынатын утилизациялық алым ставкасын әжептәуір төмендету көзделіп отырғанын айтқан болатын.
Cондай-ақ Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына 100 миллиардтан астам теңге бөлінетінін мәлімдеген.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі дала қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?