Елімізде енді судья болуға кандидаттығын ұсынғандарға тұрғындар пікір қалдыра алады
Қазақстанда судьялыққа кандидаттарды іріктеу кезінде енді көпшіліктің пікірі ескеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жоғары Сот Кеңесінің сайтында азаматтар конкурсқа қатысушылар туралы өз пікірлерін жаза алады.
"Іріктеу барысында үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттері де зерделенеді. Сонымен қатар кандидаттар конкурстық комиссия мүшелерімен сұхбат жүргізеді, оған адвокатура, прокуратура өкілдері, заң қоғамдастығының өзге де өкілдері, сондай-ақ HR-мамандар кіреді", – деп атап өтілді Кеңес аппаратында.
Конкурсқа қатысушылар 335 судьялық бос орынға үміткер. Тұрғындар 1 қазанға дейін пікір қалдыра алады.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді