Елімізде енді дәрігерлерге күш көрсетіп, кедергі келтіретіндерге қылмыстық іс қозғалады
Елімізде дәрігерлерге күш көрсетіп, жұмысына кедергі келтіретіндер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Дәрігерлерге қастандық жасаған азаматтарға үш жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған. Қылмыстық кодекске толықтырылған екі жаңа бап қоғам талқысына шығарылды.
Енді медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіргендер 738 мың теңге айыппұл не 200 сағат қоғамдық жұмысқа тартылуы ықтимал. Тіпті 50 тәулікке қамау жазасы бар. Ал ақ халаттыларға қоқан-лоқы көрсетіп, қол көтеретіндерге 11 миллион теңге айыппұл салынады. Бұдан басқа 800 сағат қоғамдық жұмыс және 3 жыл түрме жазасы көзделген.
Бас прокуратураның мәліметінше, кейінгі бес жылда медицина қызметкерлеріне күш көрсетудің 200-ге жуық дерегі тіркелген.
Шымкенттегі алып қашу оқиғасы: Жігіттің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді, ал қыз оны жоққа шығарып отыр
Қыз өзі келіп6 адам ұрлау фактісімен арыз жазды
Қазақстандық ер адам қолына бұрауыш тығып алып, көз жұмды: Туыстары дәрігерлердің салғырттығына шағымданды
Ер адам ауыр жарақат алғаннан кейін Ақтөбе медициналық орталығына жүгінген