Елімізде доллар мен еуро қымбаттады
Қазақстан қор биржасы (KASE) сағат 11: 00-де доллардың орташа бағамы 0,94 теңгеге көтеріліп, 424,86 теңгені құрады деп хабарлады.

Еуро да қымбаттады. Айырбастау пункттерінде доллар 425 сатып алынып, 426,5 теңгеден сатылып жатыр. Еуро - 508 сатып алынып, 510 теңгеден сатылады. Ресей рублі 5,58 сатып алынып, 5,63 теңгеге сатылады.
Сонымен қатар мұнайдың әлемдік бағасы саудада төмендеуде.
Сонымен, WTI маркалы мұнайының қаңтардағы фьючерстері барреліне 45,16 долларды құрап, 1,27%-ға төмендеді.
Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстері 1,1% төмендеп, барреліне 47,72 долларға жетті.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған