Елімізде депозиттердің тамыз айына арналған пайыздық мөлшерлемесі жарияланды
Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттердің барлық түрі бойынша 2023 жылдың тамызына арналған шекті мөлшерлемелерді өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Депозиттердің түрі мен мерзімділігіне сәйкес ҚДКБҚ шекті мөлшерлемелері
Қор мәліметінше екінші деңгейдегі банктер өздерінің депозиттік өнімдеріне қатысты сыйақы мөлшерлемелерінің көлемі қандай болатыны туралы шешімді өз бетімен қабылдайды.
"Осыған байланысты банктер өтімділікке қатысты қажеттіліктеріне қарай, сондай-ақ қаржылық және экономикалық ахуалдарға берілетін ішкі бағаларды ескере отырып, өздерінің депозиттік өнімдері бойынша басқа сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Ол ҚДКБҚ бекіткен шекті сыйақы мөлшерлемелерінен айтарлықтай ерекше болуы мүмкін", – делінген қор хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырған еді.
Талқылау
Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
Маманның сөзінше, тарихи тұрғыда қор нарығы құлдыраған кезде алтынға сұраныс артады
Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады